Дәстүр бойынша Вашингтонда Капитолий алдында өтеді. Әдетте, бұл шараны тамашалауға көп адам жиналады. Салтанатты шара кезінде жаңа президент сөз сөйлейді.
Осы жылы Джо Байденнің инаугурациясы 20 қаңтарда өтеді. Бірақ, бұл жолы саланатты жиын мүлде басқа форматта өтетіні белгілі.
Әдетте, жаңадан сайланған президент пен вице-президент өз жұбайларымен Ақ үйге келеді. Оларды орнын тапсыратын президент пен вице-президент жарларымен күтіп алады. Барлығы бірге отырып шай ішеді.
Одан соң көлікке мініп, Капитолийге қарай жүреді.
Вице-президенттер өз жұптарымен бірінші болып орнынан қозғалса, артынша көшбасшылардың әйелдері мінген көлік жылжиды. Кортеж соңында қос президент мінген автомобиль жүріп отырады. Қызметтен кетіп жатқан президент оң жақта, жаңа сайланған көшбасшы сол жақта отырады.
Оқи отырыңыз: Тұмса табиғат: ұлттық парктердің ғажайып суреттері
Президент Дональд Трамп Джо Байденнің инаугурациясына қатыспайтынын мәлімдеді. Ал вице-президент Майк Пенс Трамптың "қырсық қылығына" қарамастан салтанатты шарада төбе көрсететінін айтты.
Инаугурация алдындағы бірлескен іс-әрекеттер сайлауалды бағдарлама кезіндегі кикілжіңді артқа қалдырып, тараптардың келісімге келуін білдіреді.
Соңғы 36 жылда Америка көшбасшыларының инаугурациясы қалай өткенін суреттер топтамасынан тамашалай аласыз.