Қоғам

Мәжілістегі тұрақты комитеттердің төрағалары тағайындалды

© Sputnik / Абзал КалиевПарламент мәжілісінің ғимараты
Парламент мәжілісінің ғимараты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін мәжіліс төрағасының орынбасары болып Балайым Кесебаева мен Павел Казанцев сайланды

АЛМАТЫ, 15 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин мәжілістің тұрақты комитетінің төрағаларын тағайындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Нығматулиннің айтуынша, мәжілісте тұрақты комитетінің саны 7-ден аспауы керек. Алтыншы шақырылымдағы комитет атауы мен саны жетінші шақырылымда да өзгеріссіз қалды.

Осылайша, мәжілістегі комитеттердің төрағалығы төмендегідей негізде құрылды:

  • Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы – Ерлан Барлыбаев ("Ақ жол" партиясынан");
  • Экономикалық реформалар және өңірлік даму комитетінің төрағасы – Альберт Рау;
  • Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы – Жәмила Нұрманбетова болды;
  • Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы – Қанат Мусин;
  • Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы – Марат Құсайынов;
  • Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы – Айгүл Құспан;
  • Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы – Александр Милютин (Қазақстан халық партиясы).

Айта кетейік, бұған дейін мәжіліс төрағасының орынбасары болып Балайым Кесебаева мен Павел Казанцев сайланды.

Оқи отырыңыз: Одақ төрағасы ауыл мәселесімен айналысатын арнайы комитет құруды ұсынды

Жаңалықтар
0