Қоғам

Телефондағы фотоны біржола жою үшін не істеу керек – сарапшы кеңесі

© Sputnik / Алексей Сухоруков / Медиабанкке өтуСмартфон
Смартфон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сарапшылардың айтуынша, интернет-қызметтерге неғұрлым белсенді қатыстырылған телефоннан ұмыт болған фотоны табу оңайырақ

АЛМАТЫ, 12 қаңтар – Sputnik. Телефондағы өшірілген фотоны қайта қалпына келтіру қиын емес, алайда оны ешкім таппайтындай етіп жою – күрделі жұмыс. Мұндай пікірді Ресей технологиялық университеті сапаны басқару және сертификаттау кафедрасының меңгерушісі Максим Назаренко "Прайм" агенттігіне айтты.

"Қазір ақпаратты, фотоны біржола өшіру оңай емес. Әсіресе, фото сияқты цифрлы нысан болса, ол айтарлықтай қиын", – дейді сарапшы.

Оның айтуынша, өшірген фотоларды "Галерея" бөлімінен, фото ұзақ сақталатын әртүрлі қызметтің желілік мұрағаттан немесе смартфонның жадынан қайта тауып алуға болады. Телефон жадынан тауып алу үшін жад картасын смартфоннан шығарып, арнайы адаптерді пайдаланып компьютерге қосу керек.

Осылайша, телефон жадын компьютерге қосуға, іздеу қызметін пайдалануға болады.

"Егер біреудің телефонға түсірілген фотоны таппағанын қаласаңыз, онда құрылғыны тек фотоаппарат ретінде қолданыңыз. Оның ішіне нөмір орнатпай, интернетке қоспау қажет. Ал басқа жағдайдың бәрінде қалпына келтіруге болады. Ал телефонды интернет-қызметтерге неғұрлым белсенді байланыстырсаңыз, ұмыт болған фотоны табу оңайырақ болады", – деп қорытындылады сарапшы.

Оқи отырыңыз: Сарапшы банк қызметкерін телефон алаяғынан қалай ажыратуға болатынын айтты

Айта кетейік, бұған дейін мамандар смартфонның құпия коды не үшін қажет екенін түсіндірген.

Жаңалықтар
0