13:54 18 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
702 0 0

Маман пікірінше, сервистік код көмегімен смартфонның сипаттамасын білуге болады, сондай-ақ, оның жеке элементтерін тексеруге мүмкіндік бар

АЛМАТЫ, 11 қаңтар – Sputnik. Смартфонның құпия кодын әдетте қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері пайдаланады. Сол сандар көмегімен жөндеу жұмыстарына қажет ақпаратқа қол жеткізе алады. Бұл туралы "Синергия" университеті ақпараттық технологиялар институтының директоры Станислав Косарев айтты, деп хабарлайды "Прайм" агенттігі.

Құпия код – IMEI код (сериялық нөмір), бағдарламалық жасақтама нұсқасы мен құрылғы моделі. Сондай-ақ, бұған динамикті, діріл (вибрация), микрофон, камера, Bluetooth-ді, телефон сенсорын, телефон жарығын тексеру жатады.

Сервистік код көмегімен смартфонның сипаттамаларын білуге болады, сондай-ақ, оның жеке элементтерін тексеруге мүмкіндік бар.

Алайда қарапайым қолданушыға бұл ақпаратты білудің қажеті жоқ.

"Кейбір код барлық параметрлерді толығымен жойып жіберуі мүмкін екенін ескерген жөн", – деді Косарев.

Айта кетейік, бұған дейін сарапшылар телефонды сымсыз қуаттау оның батареясының қызмет ету мерзіміне кері әсер ететінін мәлімдеген.

Оқи отырыңыз: Сарапшы банк қызметкерін телефон алаяғынан қалай ажыратуға болатынын айтты

Тақырып бойынша

Телефон арқылы төлем жасағанда ақша қалай ұрланады
Телефон істен шығуы мүмкін: қандай жаңартуды орнатпаған жөн
Ұялы телефон арқылы қалай қосымша ақша табуға болады – маман кеңесі
Енді мұғалімдер смартфон арқылы оқушыға баға қояды
Енді смартфон арқылы кредит алу мүмкін болады
Кілт сөздер:
ұялы телефон, смартфон
Загрузка...

Басты тақырып