Қоғам

Шымкентте пәтерді жалға алған ер адамның заңсыз әрекеті анықталды – видео

© Sputnik / Нина Зотина / Медиабанкке өтуКазино фишкасы
Казино фишкасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала тұрғынынан покер ойынына арналған төсемдер мен бейнетіркегіш, мыңнан астам казино фишкалары мен ойын картасы тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Шымкент қаласының тұрғыны жалға алған пәтерде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған. Бұл туралы қаржы мониторингі комитеті хабарлады.

Ресми мәліметке сәйкес, қала тұрғыны алдымен 4-ші шағын ауданнан пәтерді жалға алған. Одан кейін ойын үстелін орнатып, фишкалар, колода карталарын және диллер тастарын әкелген. Сөйтіп, өз таныстарына "покер" ойынын ұйымдастырған.

"Шымкент қаласының Абай аудандық сотының үкімімен қала тұрғыны Қылмыстық кодекстің 307-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 200 АЕК (583 400 теңге – Sputnik) мөлшерде айыппұл салу жазасы тағайындалды", – дейді құқық қорғаушылар.

Пәтерде покер ойынына арналған төсемдер, бейнетіркегіш, мыңнан астам казино фишкалары мен ойын картасы тәркіленді. Ал диллер тасы мен мөртаңбалар жойылды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КФМ МФ РК (@kfm_mf.rk)

Жаңалықтар
0