Саясат

Мәжіліске қандай партиялар өтті: сайлаудың алдын ала қорытындысы жарияланды

© Sputnik / Владислав ВодневМәжіліс сайлауында дауыс беру
Мәжіліс сайлауында дауыс беру  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сайлаушылардың жеті проценттен астам даусын жинаған саяси партиялар мәжілістің VII шақырылымына өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы парламент мәжілісі сайлауының алдын ала қорытындысын жария етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

  • Қазақстанның халық партиясы (бұрынғы коммунистер) –9,10 %;
  • "Nur Otan" партиясы –71,09 %;
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы – 5,29%;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы – 10,95 %;
  • "Адал" саяси партиясы ( бұрынғы "Бiрлiк") –3,57 %.

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәжіліс депутаттары сайлауының соңғы қорытындысы аумақтық сайлау комиссиялары хаттамаларының түпнұсқасы келіп түскеннен кейін жарияланады.

Айта кетсек, сайлаушылардың 7 процентінен астам даусын жинаған саяси партиялар мәжіліске өтеді.

Мәжілістің 98 депутаты партиялық тізім бойынша сайланады.

Ал тоғыз депутат Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан келеді. 11 қаңтарда парламент мәжілісінің VII шақырылымына ҚХА-дан сайланған депутаттардың есімі белгілі болды.

Exit-poll нәтижесі

"Қоғамдық пікір" зерттеу институты 11 қаңтар елорда уақытымен сағат 00.00-де Exit-poll нәтижесін жариялаған болатын. Сауалнамаға 24 мың сайлаушы қатысты.  

Exit-poll нәтижесі бойынша "Nur Otan" партиясы 71,97% дауыс жинап, көш бастады. Одан кейінгі орындарға "Ақ жол" демократиялық партиясы – 10,18 % және Қазақстанның халық партиясы (бұрынғы коммунистер) – 9,03% жайғасты.

"Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы 5,75%, ал "Адал" партиясы 3,07% алды.

Парламент сайлауы

Қазақстанда 10 қаңтарда мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы өтті. Дауыс беру сағат таңғы жетіден кешкі сегізге дейін жалғасты.

Парламенттік сайлауда барлығы 10 060 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Соның ішінде 66-сы 53 елде Қазақстанның шет мемлекеттегі өкілдіктері жанынан ашылды.

Ал сайлаушылар тізіміне 11 915 903 қазақстандық енген.

Жаңалықтар
0