05:57 27 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Саясат
Қысқа сілтеме алу
Мәжіліс сайлауы (157)
150 0 0

Сайлауға Қазақстан халқы ассамблеясының 351 мүшесі қатысты, барлық тоғыз кандидат 50%-тен астам дауыс жинады

НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар - Sputnik. Парламент мәжілісіне Қазақстан халқы ассамблеясынан тоғыз депутат сайланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

"Комиссия жұмысын аяқтады, дауыс беру пункті жабық деп жарияланды. Төрт бюллетень жарамсыз деп танылды. Ол жерде ешкімге дауыс берілмеген. Адам қатысып, ешкімге дауыс бермеген. Мұндай бюллетень жарамсыз деп саналады", - деді Нұр-Сұлтан қаласы сайлау комиссиясының төрайымы Бақыт Бектемісова.

Дауыс беруге Қазақстан халқы ассамблеясының 351 мүшесі қатысты.

Мәжіліс депутаттығына кандидаттар үшін берілген дауыс саны:

  • Мәжілістің VІ шақырылымының депутаты Сауытбек Әбдірахманов – 298;
  • "Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицей-мектебі" КММ директоры Наталья Дементьева – 292;
  • "Әзербайжандықтар қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абилфас Хамедов – 290;
  • "Барбанг" күрдтер қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Вакиль Набиев – 285;
  • "Барбанг" күрдтер қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Вакиль Набиев – 285;
  • "Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы" ЗТБ төрағасы Юрий Ли - 282;
  • "ЖетысуОблГаз" ЖШС бас директоры Владимир Тохтасунов – 277;
  • Жамбыл облысы Қордай ауданы Сартөбе ауылдық округінің әкімі Ильяс Буларов - 274;
  • "Қазақстан татар және башқұрттар конгресі" республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Шамиль Осин – 271;
  • Батыс Қазақстан облыстық "Масис" армян этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аветик Амирханян – 270.

Айта кетейік, парламенттің төменгі палатасында 107 мандат бар. Олардың ішінде 98 депутат партиялық тізіммен сайланады. Қазақстан халқы ассамблеясының атынан мәжілісте 9 депутат болады. Кеше, 10 қаңтарда мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау өтті. Ал бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында ҚХА-дан сайланатын депутаттарға дауыс берілді. 

Тақырып:
Мәжіліс сайлауы (157)
Кілт сөздер:
2021 жыл, сайлау
Загрузка...

Басты тақырып