Өңірлер

Семейде әйел автобуста 3 млн теңгесін ұмытып кетті

© Sputnik / Владислав ВодневҚар жауып тұр
Қар жауып тұр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция қызметкерлері қоғамдық көлікті "ЦУМ" аялдамасының маңында тоқтатып, ақша салынған рюкзакты тапты

НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Семейде полицейлер әйелге автобуста ұмытып кеткен 3 миллион теңге салынған сөмкені қайтарып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаланың полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 10 қаңтар күні болды. "102" нөміріне 1983 жылғы әйел қоңырау шалып, 3 миллион теңге салынған қара түсті сөмкесін №35 автобуста ұмытып кеткенін айтқан. Ол полицейлерден автобусты қуып жетіп, ақшаны қайтаруға көмектесуді өтінді.  

"Басқарма кезекшісі дереу кезекшілік атқарып жүрген полиция нарядына хабарласып, жедел басқару орталығындағы бейнекамералардың көмегімен   автобустың "ЦУМ" аялдамасына жақындап қалғанын анықтап, сол жерге патрульдік полицияның экипажын жіберді", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық вокзалда 4 млн теңгесін ұмытып кетті – оқиғаның мән-жайы

Олар автобусты тоқтатып, салонның ішінен ақша салынған қара рюкзакты тауып, әйелге қайтарды.

Жәбірленуші жоғалған затын тез арада тауып берген полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.

Жаңалықтар
0