Қоғам

Қазақстандық вокзалда 4 млн теңгесін ұмытып кетті – оқиғаның мән-жайы

© Sputnik / Владислав ВодневТеңге, ақша
Теңге, ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы – Маңғыстау пойызының жолаушысы қомақты ақшаны вокзал перронында ұмытып кеткен, полицейлер сөмкені бес күн бойы іздеді

НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық Асқар Жұланов 4 миллион теңге салынған сөмкені тауып берген көлік полицейлеріне алғыс айтты.

Жұланов Шымкенттегі пәтерін сатып, алған ақшаны банктегі шотқа салмай, сөмкелердің біріне заттардың арасына жасырған.

Пойызбен Маңғыстауға жеткеннен кейін ол такси ұстайды. Діттеген жеріне жетіп, жүгін түсіріп жатқан кезде, ақша жатқан сөмкенің жоқ екенін байқаған. Сөмкені өзі іздеп таба алмаған соң, көліктегі желілік полиция бөліміне арызданды.

"Жолаушы пойыздан түсіп, сөмкені перронға қалдырып кеткен. Оны байқаусызда басқа жолаушы алып кетті. Біз ол сөмкені бес күн бойы іздедік. Вокзал маңындағы ғимараттардан бастап, қоқыс орындары мен қаңғыбастардың мекеніне дейін тексеріп шықтық",- деді Маңғыстау стансасындағы желілік полиция бөлімі басшысының орынбасары Қуанышкерей Қызылбаев.

Тағы оқыңыз: Астанада 70 жастағы әжей таксиде 6 миллион теңгесін тастап кетті

Айтуынша, жедел уәкілдер бірнеше күн ішінде сол вагондағы әр жолаушыға хабарласып, бөтен сөмкені алып кеткен адамды тапты.

"Ақша толық көлемде иесіне қайтарылды", - деп нақтылады Қызылбаев.

© Photo : Пресс-служба департамента полиции на транспорте Полицейлер төрт миллион теңге салынған сөмкені иесіне қайтарды
Қазақстандық вокзалда 4 млн теңгесін ұмытып кетті – оқиғаның мән-жайы - Sputnik Қазақстан
Полицейлер төрт миллион теңге салынған сөмкені иесіне қайтарды

Сөмке иесі қомақты сома мен құжаттарын іздеп тауып берген полицейлерге ризашылығын жеткізді.

"Ақшаның табылғанына шексіз қуаныштымыз. Біз көлік полицейлерінің өте күрделі іздеу жұмысына куә болдық. Барлығына зор алғыс айтамын", - деді Жұланов.

Айтуынша, ақшаның бір бөлігіне Ақтаудан баспана сатып алу жоспарланып отыр, қалғаны ауыр дертке шалдыққан ұлын емдеуге жұмсалады.

Жаңалықтар
0