Әлем

COVID-19-ға қарсы вакцина: қандай пікір айтылып жатыр

© REUTERS / NIAID-RMLВид на зараженную коронавирусом клетку под микроскопом
Вид на зараженную коронавирусом  клетку под микроскопом  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Батыс коронавирусқа қарсы вакциналар әзірлеу саласындағы ресейлік әзірлемелерге қатысты көзқарасын өзгерткен секілді

Соңғы күндері танымал басылымдарда ресейлік вакцина тиімділігі туралы бірнеше мақала жарық көрді. 

Ресейлік болсын, батыстық болсын, барлық вакциналар жеделдетілген мерзімде әзірленіп жатқанын айту керек.

Алайда, Bloomberg  журналисі Сэм Фазели ресейлік вакцинаға не себепті сенім артуға болатынын тізіп көрсеткен материал жариялады. 

Ал, New York Times газетінің мәскеулік тілшісі Эндрю Камер ресейлік препаратты "түпнұсқалық жетістік" деп мақтап қана қоймай, өзіне осы екпені салдырды және вакциналаудың халыққа қолжетімділігі мен осы процесті ұйымдастырудың жоғары деңгейде екенін айтты.

Карагандинский фармацевтический комплекс - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда он миллион адамға вакцина салу жоспарланып отыр

Ресейлік вакцинаны Германиядағы өндірісін талқылаған Владимир Путин мен Ангела Меркельдің телефонмен сөйлесуі британдық Spectator журналындағы мақалаға арқау болды. Мақала авторы коронавирусты Гитлерге теңеп, 80 жыл бұрын Черчилль мен Рузвельт ортақ жауды жеңу үшін Сталинмен біріксе, қазір де дәл осылай жасаудың еш сөкеттігі жоқ екенін алға тартқан.  

Бірнеше күн бұрын АҚШ-тағы Британия елшісі Карен Пирс "Ресей мен Қытай коронавирус пандемиясынан жеңімпаз болып шықпауы керек" екені туралы шулы мәлімдеме жасады.

Эпидемиямен күресуде әр елдің өзіндік ерекшеліктері бар. Қытай қатал, бірақ нақты шаралар жолымен жүргені белгілі. Екі күн бұрын бұл елдегі екі қала (18 миллионға жуық тұрғыны бар) бір аптаға қатаң локдаунға жабылды. Бұған 137 адамның ковид жұқтыруы мен 197 симптомсыз тасымалдаушылар себепші болған. Есесіне, бір жарым миллиардқа жуық халық емін-еркін өмір сүріп жатыр. 

Ресей денсаулық сақтау саласының жүктемесін азайтты және вакцина салғызған адамдар саны миллионнан асты. Ауру жұқтырғандар бойынша статистика да біршама жақсарған. Әйтсе де, қуануға әлі ерте. 

Ең күрделі жағдай Ұлыбританияда болып отыр. Мұнда билік Англияда көктемдегі алғашқы локдаунға ұқсас қатаң шаралар қолдану туралы шешім қабылдады. Сарапшылар қиын жағдай әлі алда деп болжап отыр. 

Алексей Цой - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Алексей Цой неге вакцина салдырмағанын түсіндірді

Бірақ, бұл аймақта вакциналау басталып кеткен. Алайда, оған қатысты теріс пікір мен жағымсыз жағдай жиілеп кетті. Өндіріс пен жеткізу қарқынының төмендігі сұранысты толық қанағаттандыра алмай отыр. Оның үстіне, Pfizer және BioNTec вакциналары Цельсий бойынша минус 70 градус салқында сақтауды қажет ететіні де әуре-сарсаңға салды Айта кету керек, ресейлік "Спутника V" вакцинасын минус 18 градуста сақтайды. 

Сонымен қатар, қоғамның шаршап-қажуы мен наразылығы Еуропа елдеріндегі үлкен проблеманың бірі. 
Өткен жылдағы дағдарыс жағдайында табысты жұмыс жасаудың үлгісі тек Германия ғана бола алады. Мұндағы үкімет сенімді және жігерлі әрекет етті, ал қолда бар ресурстар туындаған мәселелерді тез шешуге мүмкіндік берді. Немістің денсаулық сақтау жүйесі сынақтан сәтті өтті, ауруханада орын және өкпені жасанды желдету аппараттарының тапшылығы туындамады, құрлықтағы ең бай және дамыған экономика өз азаматтарына қуатты әлеуметтік көмек бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Алайда, ГФ –дағы мемлекеттік ковид-саясатқа деген қоғам наразылығы әлі де ең ауқымды әрі белсенді сипатта. Қарсылық білдіріп, алаңға шыққандарды су шашу арқылы таратуға тура келіп жатыр. 

Врач в защитных перчатках держит пузырек с вакциной от коронавируса  - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
COVID-ке қарсы ресейлік вакцина Қарағандыда өндірілуі мүмкін

Мұндай жағдай басқа мемлекеттерде де күшейіп жатыр. Неге Ресей мен Қытай шектеу шараларында жеңілдіктер қарастырып, халық үшін қалыпты режимді сақтауға тырысып жатыр? Ал, демократияның үлгісі саналатын Еуропаның барлығын бітеп-жауып тастағаннан басқа амал таппай отыруына не себеп? Неге Мәскеу мен Бейжің вакцина ойлап тауып, жаппай вакциналау процесін ың-шыңсыз іске қоса алды? Ал, Батыста екпеге қатысты күнде наразылық туындауына не себеп? 

Әлемдегі тұрақсыздық белең алып жатқан шақта жүйені бақылауда ұстау және оны басқаруды сақтап қалудың маңызы артты. Сол себепті немістер үшін қазір кезекті сайлау нәтижесінен де маңызды дүниелер толғандырады. 

Вакцина өндірісі мәселесі бойынша Мәскеумен ынтымақтастық орнату Еуропа үшін қарастырылуы мүмкін емес мәселелер тізімінен алынып тасталды. Бұл ойлануды қажет ететін тиімді шешім тізбегіне ілінді.

Жаңалықтар
0