НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан – Sputnik. Қарағандыда фармацевтикалық кешен базасында коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаның өндірісі басталуы мүмкін, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы Мадияр Уақпаев.
"Олар Қарағандыдағы зауытты – Қарағанды фармацевтикалық кешенін қарастырып жатыр. Басқа зауытта өндірілуі де мүмкін", - деп мәлімдеді Уақпаев.
Жұмада Қазақстанда ресейлік "Спутник V" вакцинасы 2020 жылдың 22 желтоқсанынан бастап өндірілетіні туралы хабарланды. Сондай-ақ, желтоқсан айында қазақстандық вакцинаны өндіру жоспарланып отыр.
"Қарағанды фармацевтика кешені" ЖШС 2005 жылы пайдалануға берілді. Кәсіпорын қатерлі ісік, қант диабеті, ұмытшақтық және басқа да ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер шығарады.