Қоғам

Бір аптада коронавирустан 44 қазақстандық қайтыс болды

© Sputnik / Тимур БатыршинНовую быстровозводимую модульную больницу для зараженных коронавирусом пациентов открыли в южной столице
Новую быстровозводимую модульную больницу для зараженных коронавирусом пациентов открыли в южной столице - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республикада барлығы 134 706 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, пандемия басталғалы 2 063 науқас көз жұмды

АЛМАТЫ, 4 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда 23-29 қараша аралығында коронавирустан 44 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

  • Шығыс Қазақстан облысында - 11;
  • Алматы қаласы - 8;
  • Нұр-Сұлтан қаласында - 6;
  • Батыс Қазақстан облысында - 6;
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 5;
  • Ақмола облысында - 2;
  • Атырау облысында - 2;
  • Алматы облысында - 1;
  • Қостанай облысында – 1;
  • Маңғыстау облысында -1;
  • Шымкент қаласында – 1.

Республикада пандемия басталғалы 2 063 адам коронавирустан көз жұмды.

Айта кетейік, Қазақстанда 22 желтоқсаннан бастап коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина өндірісі басталады. Ал 2021 жылдың басынан бастап қазақстандықтарға ерікті түрде COVID-19-ға қарсы вакцина салынады. Алғашқы кезеңде дәрігерлер, педагогтар, күштік құрылымдар қызметкерлері қамтылады.

Жаңалықтар
0