АЛМАТЫ, 10 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс сайлауы өтіп жатқан 10 қаңтарда Түркістан облысында 102 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақсан.
Түркістан облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл сағат 17.00-дегі дерек. Тәуліктің соңына дейін бұл көрсеткіш артуы мүмкін.
Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы мұның бұрын-соңды болмаған жағдай екенін, осылайша, рекорд орнатылғанын мәлімедеді.
Ал сайлау күні дүние есігін ашқан сәбилерге ең көп қойылған есімдер қатарында Сайлау, Сайлаугүл, Нұрсұлтан, Қасым-Жомарт бар. Сәбилердің 57-сі қыз бала.
Сонымен қатар облыс перзентханасындағы әйелдер таңғы 7.00-ден бастап дауыс беріп жатыр. Облыс бойынша перзентханада жатқан 300-ден астам жүкті әйел дауыс берген.
Оқи отырыңыз: Сайлау күні неке қидырған елордалық жастар дауыс беруге той көйлегімен келді
Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысында дүниеге келген қызға ата-анасы Сайлау деп ат қойды.
10 желтоқсанда Қазақстанда мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Елдің басым бөлігінде сайлау учаскелері сағат 07:00-де ашылды. Дауыс беру кешкі сағат 20:00-де аяқталады.