НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласындағы №144 сайлау учаскесінде жас жұбайлар дауыс берді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Енді ғана шаңырақ көтерген ерлі-зайыптылардың пікірінше, ел үшін мұндай маңызды күні таңдау жасау – әркімнің азаматтық борышы. Сондықтан, үйлену тойының дайындығына қарамастан Фархат Жанбеков пен Ботагөз Қалтаева сайлау учаскесіне барамыз деп шешім қабылдаған.
Осылайша, 10 қаңтар тек неке күні ғана емес, сонымен қатар алғашқы отбасылық сайлау күні ретінде де есте қалды.
"Бүгін біздің өмірімізде екі есе маңызды күн. Еліміз үшін осындай айтулы күні отбасын құрғанымызға өте қуаныштымын", – дейді Ботагөз.
Жас жұбайлар дауыс берген сайлау учаскесінде 2 706 адам тіркелген.
Оқи отырыңыз: Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жолдады
Айта кетейік, елордада 283 сайлау учаскесі қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Барлық учаскелер қажетті қорғаныш құралдарымен жабдықталған. Қазіргі кезде Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары сайлауға белсенді қатысып жатыр.