Саясат

ТМД бақылаушылары Қазақстандағы сайлауға оң баға берді

© Sputnik / Абзал КалиевТМД бақылаушылары миссиясының жетекшісі Виктор Бондарев
ТМД бақылаушылары миссиясының жетекшісі Виктор Бондарев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Қазақстанның барлық өңірінде халықаралық бақылаушылар пандемия сайлаушылардың белсенділігіне кедергі келтірмегенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері парламенттік сайлау өткізуде заң бұзушылықтардың болмауы мен сайлаушылардың белсенділігі жағынан Қазақстаннан үлгі алуы тиіс. Бұл туралы ТМД бақылаушылары миссиясының жетекшісі Виктор Бондарев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Дауыс беру басталғаннан бері ТМД бақылаушылары бес сайлау учаскесін аралады. Бондарев сайлау учаскелеріндегі процесс заңға сәйкес жүріп жатқанын айтты.

"Біз барлық учаскелердегі сайлау науқаны мен медициналық іс-шаралардың ұйымдастырылуын жоғары бағалап отырмыз. Сайлаудың өтуіне ешқандай кедергі жоқ және ол демократиялық сипатта болады әрі сайлау нәтижесі қазақстандықтарды қуантады деп санаймын. Мен бақылаушылармен әңгімелесіп, процесс қалай өтіп жатқанын сұрадым. Ескертулер жоқтың қасы. Учаскелердің бірінде сайлау учаскесінің төрағасы камераға түсіруге тыйым салғаны туралы бір ғана ескерту бар", – деді Sputnik Қазақстан тілшісіне миссия жетекшісі.

Виктор Бондарев пандемия кезінде сайлау Қазақстаннан бөлек Беларусьте де өтіп, коронавирус ауруы белең алмағанын еске салды.

"Барлық сайлау учаскелерінде қолды өңдеу мен бетпердені ауыстыру үшін қолайлы жағдай жасалған. Белсенділік те артты. Сағат 11-дегі мәлімет бойынша, дауыс беру жәшіктері толуға жақын", – деп жалғастырды Бондарев.

ТМД бақылаушылары миссиясының жетекшісі ТМД елдері дәл осы Қазақстандағыдай дауыс берушілер белсенділігімен және осындай тәртіппен сайлау өткізулері керек екенін атап өтті.

Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша ТМД-дан келген бақылаушылар миссиясы парламенттік сайлауға дайындық пен оны өткізуге мониторинг жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Байқоңырда парламент сайлауы қалай өтіп жатыр

Айта кетейік, ТМД миссиясы бойынша 234 бақылаушы тіркелген. Олар Қауымдастыққа мүше елдерді, сондай-ақ, ТМД-ға мүше мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясын, Беларусь пен Ресей одағының парламенттік жиынын, ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясы мен ТМД атқарушы комитетін таныстырады.

Жаңалықтар
0