Өңірлер

Байқоңырда парламент сайлауы қалай өтіп жатыр

© Sputnik / Ляля ЛиловаВыборы в Байконыре
Выборы в Байконыре - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаладағы көптеген ұйым жаңа жылдық демалыста  (Байқоңыр Ресей Федерациясының өндірістік күнтізбесі бойынша жұмыс істейді) болғанына қарамастан сайлау учаскелерінде жұмыс қызу жүріп жатыр

АЛМАТЫ, 10 қаңтар – Sputnik. Байқоңырда қала әкімшілігі мен қазақстандық атқарушы органдардың бірлескен күшімен 11 сайлау учаскесі ашылды. Бақылаушылардың айтуынша, тұрғындар белсенді түрде дауыс беруге келіп жатыр.

Байқоңырдағы халықтың жалпы саны – 76 мың адам, халықтың үштен екісі – Қазақстан азаматтары.

Дауыс беруге келгендер сайлау учаскесін дайындап, ұйымдастыру жұмыстарымен айналысқан азаматтардың жұмысын жоғары бағалады. Себебі учаскелерді санитарлық шаралар қатаң сақталған, қарбалас болып жатқан жоқ, электораттар үшін барлық жерде бюллетеньдерді рәсімдеу бойынша жадынамалар бар.

"Байқоңыр қаласының тұрғынымын, бүгін сайлауға келдім. Себебі мемлекет мықты, халық бақытты болғанын қалаймын. Сайлаудың өткені жақсы, бұл әр адамның азаматтық ұстанымын білдіруге мүмкіндік береді", - деді Амантай Ахметов.

Ал бақылаушы Мырзадәулет Есжановтың айтуынша, дауыс беру қалыпты режимде өтіп жатыр.

"Санитарлық нормалар сақталған, сайлаушылар белсенді түрде келіп, дауыс беруде. Өзім әлі дауыс берген жоқпын, сағат екіге дейін бақылаушы боламын. Содан кейін орныма басқа адам келеді, сол кезде өзім тіркелген учаскеге барып дауыс беремін", - деп атап өтті бақылаушы.

© Sputnik / Ляля Лилова Байқоңырдағы сайлау
Байқоңырда парламент сайлауы қалай өтіп жатыр - Sputnik Қазақстан
Байқоңырдағы сайлау

Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы 1995 жылдың 23 желтоқсанындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге сәйкес, Байқоңыр қаласының әкімшілігі сайлау комиссиясына Байқоңыр қаласының аумағында сайлауды ұйымдастыруға және өткізуге көмектеседі.

Сонымен қатар Байқоңырда тұратын немесе уақытша тұрып жатқан қазақстандықтар үшін үшінші қаңтарда дауыс беру мәселелері бойынша Call-орталық ашылды. Ол жерде сайлаушылардың тізімі, учаскенің мекенжайы, дауыс беру рәсіміне қатысты сұрақтарға жауап беріледі.

Жаңалықтар
0