Өңірлер

Ақмола мен Павлодар облысы "қызыл" аймаққа енді

© Sputnik / Абзал КалиевБетперде таққан әйел
Бетперде таққан әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Теңіз кен орнындағы жағдайға байланысты Атырау облысы COVID-19 бойынша "қызыл" аймақта ең ұзақ қалған өңірлердің бірі болған еді

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Қазақстанның қос өңірі қайтадан "қызыл" аймаққа енді.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, 2021 жылдың 10 қаңтарындағы көрсеткіш мынадай:

  • Ақмола және Павлодар облыстары "қызыл" аймақта;
  • Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облысы "сары" аймақта;
  • Басқа өңірлердің барлығы "жасыл" аймақта.

6 қаңтардағы мәлімет бойынша, Атырау облысы "қызыл" аймаққа енді. Бірақ, көп ұзамай бұл өңір аталған деңгейден қайта шыға алды.

Оқи отырыңыз: Карантин, коменданттық сағат және қатаң жаза: адамзат коронавируспен қалай күресті?

Айта кету керек, Нұр-Сұлтан мен Алматы "сары" аймақта ұзақ қалған қалалар қатарына енді.

Жаңалықтар
0