Қоғам

Қазақстанның тұңғыш президенті адам бойындағы қандай үш қасиетті бағалайды?   

© AP Photo / Alastair GrantПрезидент Казахстана Нурсултан Назарбаев
Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев досқа адалдықты, кәсібилік пен мейірімділікті бәрінен жоғары қоятынын атап өтті   

АЛМАТЫ, 8 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Штрихи к портрету" фильмінің үшінші бөлімінде адам бойында бағалайтын үш қасиетті атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Біріншісі – достықтағы адалдық. Егер дос болса, ол адал болуы қажет. Екіншісі – кәсібилікті өте қатты жақсы көремін. Адам өзі кіріскен істі білуге тиіс. Үшіншісі – мейірім. Адам кешіре білуі керек, мейірімді болып, көмектесе білгені жөн", - деді Елбасы сұқбат барысында.

Көк түсті жақсы көреді

"Көк түсті жақсы көремін. Аспан көк болғандықтан шығар... Көк түсті жейделерді, қанық көк түсті пиджак пен костюмдерді жақсы көремін. Бұл күнделікті түстер. Одан бөлек ақ пен қара түсті жақсы көремін, олар – ресми кездесулерге арналған ресми түстер. Сол себепті ең жақсы көретін түстерім – көк пен қанық көк", - деді Елбасы сұқбатында.

Оқи отырыңыз: Назарбаев президентке жақсы кеңес беру үшін немен айналысып жүргенін айтты 

Сонымен қатар сұқбат барысында Нұрсұлтан Назарбаев қазір қандай фильм көріп жүргенін айтты.

"Үйде отырған кезде әртүрлі фильм көресің. Маған шынайы фильмдер ұнайды. Бұрын махаббат туралы мелодрамалар ұнайтын, ал қазір ер адамдарға арналған атыс-шабыс жанрындағы фильмдер ұнайды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Қазақстанның тұңғыш президенті жыл мезгілдері арасында көктемді ерекше жақсы көретінін айтты.

Жаңалықтар
0