Қоғам

Назарбаев президентке жақсы кеңес беру үшін немен айналысып жүргенін айтты

© Sputnik / Анатолий УстиненкоПрезидент Казахстана Нурсултан Назарбаев
Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасы елдің президенті мен үкіметіне жақсы кеңес беру үшін экономика туралы кітаптарды оқитынын жасырмады

АЛМАТЫ, 8 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Штрихи к портрету" фильмінің үшінші бөлімінде қандай кітаптар оқығанын, қазір қай жанрдағы шығармаларға басымдық беріп жүргенін сөз етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазір уақыт көбірек болғандықтан, классиктерді оқығым келеді. Жас кезде, есейген шақта, жұмыс бойынша болсын, барлық кітапты қатар оқи берудің қажеті жоқ. Дәл бүгін өзіңе қажет кітапты таңдап оқу қажет", - деді Елбасы сұқбатында.

Сонымен қатар өзінің әртүрлі әдебиетке қызығушылық танытып жүргенін, арасында детективтерді оқитынын атап өтті.

"Борис Акунин, Конан Дойл мені қатты қызықтырады. Мен оқыған кейінгі кітап – Оливер Стоунның "Американың ашылмаған тарихы" кітабы. Бұл кітап бірінші дүниежүзілік соғыстан Обамаға дейінгі кезеңді қамтиды. Ол АҚШ пен Ақ үйдің саясатын ашып береді. Өте қызық болды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Оқи отырыңыз: Елбасы әйелдің үш түрі жайлы ой толғады 

Сонымен қатар Елбасы жеке кітапханасының жақында экономика туралы кітаптармен толыққанын жеткізді. Ол экономика туралы кітаптарды елдің президенті мен үкіметіне жақсы кеңес беру үшін оқитынын да жасырмады.

Жаңалықтар
0