Қоғам

"Азаматтарға арналған үкіметтің" жаңа басқарма төрағасы тағайындалды

© Sputnik / Тимур БатыршинЦентр обслуживания населения (ЦОН)
Центр обслуживания населения (ЦОН) - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекеттік корпорацияны бұған дейін басқарған Әсемгүл Балташева өз еркімен қызметтен кеткенін хабарлаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Spunik. Әділ Қожықов "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Мемлекеттік корпорацияның ұжымына жаңа басшыны Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин таныстырды.

Оқи отырыңыз: "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының басшысы қызметінен кетті 

Еске сала кетейік, бұрынғы басқарма төрағасы Әсемгүл Балташева 5 қаңтарда Facebook-те өз еркімен қызметтен кеткенін хабарлаған болатын.  

Әділ Қожықовтың өмірбаяны

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Саясаттану" мамандығын бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің ғылыми қызметкері болып бастаған.

2001-2003 жылдары – ҚР сыртқы істер министрлігі жанындағы сыртқы саясат және талдау орталығының сарапшысы.

2003-2005 жылдары – Қазақстан президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері.

2005-2011 жылдары – Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының аға сарапшысы, ақпараттық-талдау орталығының сектор меңгерушісі, Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары, Қазақстан президенті әкімшілігінің стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары.

2011-2012 жылдары – "Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы" РМК директорының орынбасары.

2013-2014 жылдары – Қазақстан премьер-министрі кеңсесінің ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі.

2014-2016 жылдары – "Талдау және ақпарат орталығы" РМК директоры, Қазақстан ақпарат және коммуникациялар министрінің кеңесшісі.

2016-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникациялар министрлігі телекоммуникациялар комитетінің төрағасы.

2018-2019 жылдары – "Nur Otan" партиясы төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі – талдау, болжау және стратегиялық бастамалар институтының директоры.

2019 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.

Жаңалықтар
0