НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар — Sputnik. Әсемгүл Балташева "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының басшысы қызметінен кетті.
"Достар! Бүгін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы қызметінен кеттім. Әріптестеріме жемісті бірлескен жұмыс үшін шын жүректен алғыс білдіремін. Жаңа жылда денсаулық, табыс тілеймін. Мен де өзгелер сынды мақсаттарымды айқындап, алға жылжимын", - деп жазды ол Facebook парақшасында.
Әсемгүл Балташева мемлекеттік корпорация басқарма төрағасы лауазымына 2019 жылдың сәуір айында тағайындалған еді. Оған дейін бұл қызметті Абылайхан Оспанов атқарды.