Өңірлер

Пандемия басталғалы Атырау облысының бас санитар дәрігері 8 рет ауысты

© Sputnik / Владислав ВодневПортфель ұстаған ер адам
Портфель ұстаған ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Осы кезге дейін бұл лауазымға Амантай Жұмағалиев 2020 жылдың қараша айында тағайындалған болатын

АЛМАТЫ, 6 қаңтар – Sputnik. Атырау облысында бас санитар дәрігер ауысты. Бұл қызметке Мәдениет Танауов тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан өңірлік "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Айта кетейік, Атырау облысында пандемия басталғалы бас санитар дәрігер осымен сегізінші рет ауысып отыр.

Мәдениет Танауов 1971 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың санитарлық-гигиеналық факультетін тәмамдаған. Осы уақытқа дейін Орал қаласының бас санитар дәрігері болып жұмыс істеген.

Sputnik Қазақстан тілшісі осы ақпаратқа қатысты мән-жайды сұрап Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментіне хабарласты. Департаменттің баспасөз қызметі бұл мәселенің әкімдікте шешіліп жатқанын айтып, тағайындау заңды күшіне енген кезде ресми түрле хабарлайтынын жеткізді.

Оқи отырыңыз: Пандемия басталғалы Атырау облысында бас санитар дәрігер 7 рет ауысты

2020 жылдың қарашасында бұл қызметке Амантай Жұмағалиев тағайындалған болатын. Ал оған дейін бұл қызметті Мейіржан Есімбаев, Темірбек Мұсағалиев, Амантай Жұмағалиев, Сәдуақас Байғабылов, Қанат Ғайнеденов және Асылбек Шаров атқарды.

Жаңалықтар
0