Өңірлер

Пандемия басталғалы Атырау облысында бас санитар дәрігер 7 рет ауысты

© Sputnik / Тимур БатыршинВрач идет по коридору Научного центра акушерства, гинекологии и перинатологии
Врач идет по коридору Научного центра акушерства, гинекологии и перинатологии - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Асылбек Шаров бұл қызметке тамыз айында тағайындалған болатын, алайда санитар дәрігердің не себепті ауысқаны хабарланған жоқ

АЛМАТЫ, 25 қараша – Sputnik. Пандемия басталғалы Атырау облысында жетінші рет бас санитар дәрігер ауысты. Бұл жолы қызметке Амантай Жұмағалиев тағайындалды, деп хабарлады аймақтың тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Оған дейін бұл қызметті Мейіржан Есімбаев, Темірбек Мұсағалиев, Амантай Жұмағалиев, Сәдуақас Байғабылов, Қанат Ғайнеденов және Асылбек Шаров атқарды.

Асылбек Шаров бұл қызметке тамыз айында тағайындалған болатын. Алайда санитар дәрігердің не себепті ауысқаны хабарланған жоқ.

Жаңа бас санитар дәрігер

Амантай Жұмағалиев 1957 жылы Атырау облысының Махамбет ауданында дүниеге келген. 

1980 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын "санитар дәрігер" мамандығы бойынша бітірген. Медицина ғылымдарының кандидаты.

Әр жылдары Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық-гигиеналық бөлімінің меңгерушісі, Атырау обаға қарсы станциясының аса қауіпті инфекциялары бактериологиялық зертханасының дәрігері қызметін атқарған. Сондай-ақ, Атырау обаға қарсы станциясының эпидемиологиялық зертханасының меңгерушісі, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті департаменті басшысының орынбасары болды Атырау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Жаңалықтар
0