Қоғам

Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге қосымша рейстер қатынайды

Air Astana әуекомпаниясының қызметкерлері
Air Astana әуекомпаниясының қызметкерлері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі ел арасында 8–11 қаңтар күні қосымша әуе қатынасы іске қосылады. Ал 10 қаңтарда Қазақстанда мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық Air Astana әуекомпаниясы 8-11 қаңтарды Нұр-Сұлтан–Мәскеу бағыты бойынша қосымша рейстерді іске қосады.

"Билет құны эконом-клас үшін 176 мың, ал бизнес-клас үшін 713 300 теңгені құрайды және осы соманың ішіне әуежай мен жанармай сынды басқа да алымдар кіреді", – делінген хабарламада.
  • 8 қаңтар, жұма күні сағат 9:45-те әуекомпанияның KC 2209 рейсі Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге (Домодедово) ұшады.
  • KC 2211 рейсі дүйсенбі күні, 11 қаңтарда Қазақстан астанасынан 21:00-де ұшады.

Айта кетейік, 10 қаңтарда Қазақстанда мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Сайлауға бес партия қатысады. Мәжілістің 98 депутаты партиялық тізім бойынша, ал тағы 9 депутат Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан сайланады.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, алдағы сайлауда 216 мәслихатқа 3 276 депутат сайланады.

Оқи отырыңыз: Украинада ұшақ апатынан аман қалған жалғыз курсант сұқбат берді – видео

2020 жылдың 27 қазанынан бастап Қазақстанға келетін шетелдік жолаушылар (азаматтығына қарамастан) COVID-19-ға теріс нәтиже көрсетілген ПТР анықтамасын (сертификат биоматериал алынғаннан бастап, Қазақстан шекарасынан өткенге дейін 72 сағат ішінде жарамды болып саналады) ұсынуы тиіс.Ал анықтама болмаған жағдайда жолаушылар ұшаққа отырғызылмайды.

Жаңалықтар
0