НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. Харьков қаласының түбінде болған АН-26 әскери ұшағының апатынан курсант Вячеслав Золочевский ғана аман қалды. Ауруханада жатқан 20 жастағы жігіт журналистерге сұқбат берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ТСН арнасына сілтеме жасап.
Бас кезінде бәрі штаттық режимде болған. Бортта отырған курсанттар навигацияны басқару, қозғалқышты іске қосу, радиобайланыс жүргізу сияқты машықтарды меңгерді. Барлығы 10 оқу орны болды. Золочевский ұшқыштың кабинасына жақын отырды.
"Бас кезінде оң жақтағы екінші жұмыс орнында отырдым. Бір кезде ұшақ бірден жантайып кетті, мен орнымнан ұшып түстім, басымды қатты соғып алдым", - дейді Золочевский.
Курсант есінен танып қалған. Ал есін жиған кезде не болғанын түсінбей жатты. Апат кезінде Золочевскийді ұшақтың фюзеляжы басып қалды. Соның арқасында қатты күйік шалған жоқ. Ал фюзеляждың астынан шыққаннан кейін өртке оранған досын құтқаруға ұмтылды.
Қазіргі кезде курсанттың жағдайы орташа ауыр. Апат кезінде миы шайқалып, жарақат алды, денесін күйік шалған жерлер де бар.
АН-26 апаты
25 қыркүйекте Украинаның Харьков облысының Чугуев қаласына жақын жерде Ан-26 әскери-көлік ұшағы құлаған. Бортта 27 адам – экипаждың 7 мүшесі және 20 курсант болған. Жиырма бесі оқиға орнында қаза тапты. Екі курсант ұшақтан шыққан, бірақ, кейінірек, біреуі ауруханада көз жұмды.
Ұшу және оған дайындық ережелерін бұзу бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Төрт болжам қарастырылып жатыр: техникалық ақау, экипаждың қателігі, ұшуды басқаруға жауаптылардың қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындамауы, ұшаққа техникалық қызмет көрсету және оны ұшуға дайындаумен байланысты проблемалар.
Әкесі үш рет ұшақпен құлаған
Апатта аман қалған курсанттың әкесі – Вячеслав Золочевский де авиация саласында қызмет етеді. Ол да үш рет ажалмен бетпе-бет келген екен.
"Мен үш рет құладым. Баламның тірі қалғаны өз әкесінің ұлы екенін көрсетеді", - деді үлкен Золочевский "Сегодня" газетіне берген сұқбатында.
Оның айтуынша, Вячеславтың еш жері сынбаған, тек жарақаттары бар.
"Бәрі оны ұшақтан секіріп кетті деп айтып жатыр. Бірақ олай емес. Ол ұшақтан ұшып кетті. Өзінің досын құтқаруға тырысқанын да білемін", - деді әкесі.
Вячеслав Золочевскийдің өзі үйінді маңында есін жиғанын, жанында өртеніп жатқан курсантты құтқаруға ұмтылғанын айтқан еді. Көп ұзамай ол тағы да есінен танған. Курсант денесін жауып қалған фюзеляждің арқасында аман қалды.