Қоғам

Әлем ханымы атанған Жұлдыз Әбдікәрімова Болгариядан келген тәжін киді

© Sputnik / Нұргүл ӘубәкіроваӘлем ханымы атанған Жұлдыз Әбдікәрімова Болгариядан келген тәжін киді
Әлем ханымы атанған Жұлдыз Әбдікәрімова Болгариядан келген тәжін киді  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Байқауды ұйымдастырушылар Гран при иегерінің тәжі мен лентаны 23 желтоқсан күні пошта арқылы салып жіберген  

НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан – Sputnik. "Әлем ханымы – 2020" атанған Жұлдыз Әбдікәрімоваға байқаудың лентасы мен тәжі ресми түрде табысталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін елордада Жұлдыз Әбдікәрімоваға конкурстың тәжі мен лентасы ресми түрде табысталды. Оларды ұйымдастырушылар Болгариядан поштамен жіберген.

"24 желтоқсан соңғы дауыс беру күні болды. Ал 23 желтоқсанда олар маған хабарласып, поштамен тәж бен лентаны жіберіп жатырмыз деді. Бір күн бұрын жөнелтті. Өйткені олар да, біз де Жұлдызды ешкім басып оза алмайтынын түсініп отырмыз", - деді байқаудың Қазақстандағы ресми өкілі Арай Әлімхан.

Жұлдыз Әбдікәрімова Әлем ханымы атанғанын енді ғана сезінгенін айтып күлді.  

"Қасымдағы қыздардың бәрі осы уақытқа дейін қандай сезімдесің деп сұрап жатыр. Шыны керек, мен осы уақытқа дейін толқып жүрдім. Сезінбедім. Басымда ол кезде тәж болмады. Жалпы "Әлем ханымы" деген атақ алғандарды сахнада көріп жатамыз. Ресми түрде табыстағанын енді сезіндім", - деді ол.

Оқи отырыңыз: Жұлдыз Әбдікәрімова "Әлем ханымы – 2020" атанды 

Айта кетсек, биыл байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен 86 адам қатысты. Қазақстандық Жұлдыз Әбдікәрімова Гран при иеленді.

Жаңалықтар
0