Қоғам

Жұлдыз Әбдікәрімова "Әлем ханымы – 2020" атанды

© Photo : Жұлдыз Әбдікерімованың жеке архивіненЖұлдыз Әбдікерімова
Жұлдыз Әбдікерімова  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Әлем ханымы – 2020" атағынан үміткерлерге 1-24 желтоқсан аралығында дауыс берілді. Қазақстандық қатысушы 81 902 дауыс жинады

АЛМАТЫ, 25 желтоқсан –  Sputnik. Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова "Әлем ханымы – 2020" атағын жеңіп алды. Ақпаратты Жұлдыздың көмекшісі Арайлым Русланқызы Sputnik Қазақстан тілшісіне растады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от mrsuniverseofficial (@mrsuniverseofficial)

Конкурс коронавирус пандемиясына байланысты онлайн форматта өтті. Ресми сайтта 1-24 желтоқсан аралығында дауыс берілді. Жұлдыз Әбдікәрімова 81 902 дауыс жинады. Ал 1-орынды Орталық Еуропа атынан қатысқан Виктория Люб (Victoria Liub) алды. Ол 58 349 дауыс жинаған. 2-орын австриялық Юлия Игнатченкоға бұйырды. Оны байқауда 55 789 адам қолдады. 3-орынды Сібір өкілі Янина Ремезова алды. Ол 54 705 дауыс жинады.

Айта кетейік, "Әлем ханымы – 2020" байқауында 86 адам бақ сынады.

Оқи отырыңыз: Қайрат Нұртастың әйеліне бәсекелес пайда болды 

Бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімова бірнеше рет әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне қолдау көрсетуді сұрап, жазба жариялады. Оны "Әлем ханымы" кастингіне байқаудың Қазақстандағы ресми өкілі шақырған. Бұл қызметті қазір отандық журналист Арай Әлімхан атқарып келеді.

"Байқау онлайн түрде өтіп жатыр. Бұл формат маған да ыңғайлы болды. Себебі балалардың жанында жүріп, байқауға қатыса аламын", - деді Жұлдыз Әбдікәрімова Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында.

Айта кетейік, әнші Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова 2008 жылы шаңырақ көтерген. Жұлдызды жұптың екі қыз, екі ұлы бар. 2017 жылы екеуі бірге "Арман" фильміне түсті.

Жаңалықтар
0