Оқиға

Алматыда бизнес орталық отқа оранды – видео

© Photo : ДЧС Алматы"Кәусар" бизнес-орталығы
Кәусар бизнес-орталығы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өрт сөндіру қызметінің мамандары оқиға орнына жедел жетіп, он бес минут ішінде тілсіз жауды ауыздықтады

Нұр-Сұлтан, 28 желтоқсан – Sputnik. Әлеуметтік желіде оңтүстік астананың іскерлік орталықтарының бірі өртеніп жатқан видеосы тарады. Кадр сыртында бір әйелдің айқайлаған ащы дауысы естіледі.

Осы оқиғаға байланысты Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Instagram желісіндегі түрлі топтарда тараған видеода ғимараттың үшінші қабатындағы кеңселердің бірін жалын шарпығанын байқауға болады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от kris_p_almaty | Official | 21+ (@kris_p_almaty)

Өрт Алмалы ауданындағы Төле би көшесі 286/4 мекен-жайында орналасқан бизнес орталықта болған. Оқиға орнына келген мамандар өрт ошағында адамдар болмағанын анықтаған.

"Өрт сөндірушілер 15 минут ішінде тілсіз жауды ауыздықтады. Өрттің жалпы аумағы 30 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ", – деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ал кадрдан тыс әйелдің айқайы жөнінде өрт сөндірушілер ешқандай артық дыбыс естімегенін айтады.

"Өрт сөндірушілердің ақпараты бойынша олар оқиға орнына келген кезде айқай-шу болмаған. Бәлкім, өрттің алғашқы минуттарында ондай жағдай болған шығар. Өйткені, ол кезде жиһаздар мен құжаттар өртеніп жатқан", – дейді департамент өкілдері.

Оқи отырыңыз: Қала қызыл жалын құрсауында қалғандай: Петропавлда алапат өрт болды – видео

Жаңалықтар
0