Өңірлер

Қала қызыл жалын құрсауында қалғандай: Петропавлда алапат өрт болды – видео

© Photo : КЧСЗагорание камыша в Атырауской области
Загорание камыша в Атырауской области - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Желдің күшеюіне байланысты 10 гектар аумақтағы тілсіз жауды ауыздықтау өрт сөндірушілерге едәуір қиындық тудырған

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Петропавл қаласының шетіндегі далалы аймақта өртенген қамыс қала тұрғындарының үрейін ұшырды. 10 гектар аумақты шарпыған тілсіз жаудың қызыл жалыны қаланы өрт құрсауында қалғандай күйге түсірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Өрт сөндірушілер үш сағаттан астам уақыт бойы тілсіз жаумен арпалысқан.

Қала іргесіндегі Сенная базасының аумағында қамыс жанып жатқаны туралы хабарлама Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне 16 қазан күні сағат 19:09 минутта түскен. 

"Өртенген аймақтағы тұрғын үйлер мен өндірістік нысандарға қауіп төнгені анықталды. Қауіптілік деңгейіне қарай екінші қоңырау нөмірі жарияланды", – дейді өрт сөндіру қызметі бойынша департамент бастығының орынбасары Николай Белоусов. 

Желдің күшеюіне байланысты тілсіз жауды ауыздықтау күрделенген. Оған қоса, айналаны қаптаған қараңғылық пен жабысқақ батпақта жұмыс істеу өрт сөндірушілерге едәуір қиындық тудырған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ПЕТРОПАВЛОВСК ❤ КАЗАХСТАН 👍 (@skopetro)

"Полиция қызметкерлері отқа оранған аумақты қоршауға алды. Сондай-ақ, өрт сөндіру мен құтқару қызметінің оннан астам техникасы мен жетпіске жуық маманы жұмылдырылды", – делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Атырау облысында 5 күн бойы қамыс өртеніп жатыр: министрлік себебін айтты

Өрт 22 сағат 19 минутта толық сөндірілді. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ.

Жаңалықтар
0