16:42 29 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD430.51
  • EUR505.72
  • RUB5.51
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
35 0 0

Қатты жел өртті сөндіруде қиындық тудырып отыр, қызыл жалынды ауыздықтауға тікұшақ жұмылдырылды. Өрт бес шақырымға созылды

АЛМАТЫ, 15 қазан – Sputnik. Атырау облысында бес күннен бері қамыс жанып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі өрттің алдын ала себебін атады.

Министрліктің ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, өрт 1,5 гектар алқапқа тарады.

"Алдын ала ақпарат бойынша өрт "Лада" маркалы автокөліктің өртенуінен кейін басталды. Көліктен шыққан өрт қамыс өсіп тұрған алқапқа жайылды. Өртті тоқтатуға "Қазавиақұтқару" акционерлік қоғамының Ми-171 борты тартылды. Екі күнде жалпы көлемі 66 тонна болатын 22 рет су ағызылды. Жеке құрамның 55 адамы жұмылдырылды", - деді Уәли. 

Ведомствоның ресми өкілі өртті сөндіру батпақ бар жерлерде және өсімдіктер тығыз өскен аумақта күрделене түскенін айтты. Олар техниканың өтуіне кедергі келтірген. 

Қазір өрт сөндірушілер аспалы өрт сөндіргіштер қолданып жатыр.

"Түтін шыққанына қарамастан, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өрттің жалпы ауданы 1,5 гектарды. Қазір 1,2 гектар жер сөндірілді. От теңіз жаққа қарай тарап жатыр", - деді Талғат Уәли. 

Оның айтуынша, өртті сөндіруге қатысқан ТЖД қызметкерлері шатыр құрып лагерьде түнеп жүр.

Сондай-ақ, ресми өкіл өртті жоюдың нақты уақытын айту мүмкін емес екенін айтты.

10 қазаннан бастап Атырау облысында Каспий жағалауындағы қамыс жанып жатыр. 11 қазанда сағат 11:35-те Ми-171 тікұшағы өрт ошағын сөндіру үшін көтерілді. Өрт шамамен 5 шақырымға созылды.

Тақырып бойынша

Түркістан облысында жойқын өрт видеоға түсіп қалды
"Бізді басып озбақ болды": Өрт сөндіру көлігі аударылып, жүргізуші көз жұмды
Алматыда перзентханадан өрт шықты – видео
Нұр-Сұлтанда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты – видео
Алматы іргесінде өрт бір жарым гектарға жайылды – видео
Кілт сөздер:
министрлік, өрт, Атырау облысы
Загрузка...

Басты тақырып