Өңірлер

Бекшин Қазақстанда тіркелген вакцинаны салдыратынын мәлімдеді

© Sputnik / Абзал КалиевЖандарбек Бекшин
Жандарбек Бекшин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматының бас санитар дәрігері егер ағзасында антидене болмаса, қолжетімді вакцинаны салдыратынын атап өтті

АЛМАТЫ, 24 желтоқсан – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері ағзасынан антидене табылмаса, Қазақстанда тіркелген вакцинаны салдыратынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Вакцина пайда болған кезде бір апта бұрын антиденелердің бар-жоғын анықтауым керек. Егер антидене сақталса, вакцина салдырудың қажеті жоқ. Егер жоқ болса, қолжетімді вакцинаны салдырамын. Бұл не ресейлік, не отандық болады", - деді ол.

Ол Қарағандыда ресейлік вакцина шығаратын зауыт ашылғанын атап өтті. Одан кейін оны дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеуі қажет. Сол кезде ғана ел ішінде вакцина салдыру басталады.

Оқи отырыңыз: Павлодар облысында төрт балабақша карантинге жабылды 

"Қазір Тараз бен Алматыда отандық вакцинаның клиникалық сынағының үшінші кезеңі жүріп жатыр. 3 мың еріктіге вакцина егіледі, содан кейін сол вакцинаны егеміз бе, жоқ па, нақты шешіледі. Ал қазірге дейін вакцинаның қауіпсіздігін тексеру сынағының кезеңдері сәтті өтті. Алдын ала ақпарат бойынша біздің вакцина 96% тиімділікті көрсетті. Бұл өте жақсы көрсеткіш", - деді Бекшин.

Айта кетейік, шілденің басында Жандарбек Бекшин коронавирус инфекциясын жұқтырған еді. Сол кезде қаланың бас санитар дәрігері қашықтан жұмыс істеді.

 

Жаңалықтар
0