Өңірлер

Павлодар облысында төрт балабақша карантинге жабылды

© REUTERS / BENOIT TESSIERБалабақша қызметкері
Балабақша қызметкері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Павлодар қаласы мен Екібастұз және Ақсу қаласында мектепке дейінгі балалар мекемелері карантинге жабылды

АЛМАТЫ, 24 желтоқсан – Sputnik. Павлодар облысында балалар мен мектепке дейінгі балалар мекемесі қызметкерлерінің коронавирус инфекциясын жұқтыруына байланысты төрт балабақша карантинге жабылды, деп хабарлады ведомствоаралық комиссия.

Қазір өңірде балабақшаға баратын 77 бала коронавирус инфекциясын жұқтырды, балалар ұйымдарында жұмыс істейтін қызметкерлер арасында 54 адам ауырып қалды.

Павлодарда 22 желтоқсаннан бастап №23 балабақша жабылды. Коронавирус кіші топтың тәрбиешісінен, сондай-ақ екі балада анықталды.

Екібастұзда №20 балабақша жабылды, ол жерде мектепке дейінгі топтағы екі бала ауырып қалған.

Оқи отырыңыз: Атырау облысында 2 миллиард теңгеге екі жыл бұрын салынған қос балабақша жабылды

Сонымен қатар Ақсу қаласында "Балапан" бөбекжайы мен №2 бөбекжай карантинге жабылды. Екі мекеменің әрбірінде екі адам инфекция жұқтырды.

Ведомствоаралық комиссияның хабарлауынша, қазір балалар медициналық бақылауға алынды.

Айта кетейік, соңғы тәулікте өңірде 60 адам коронавирус жұқтырды.

Жаңалықтар
0