Қоғам

Ресейлік "Спутник V" вакцинасы Қазақстанда қашан тіркеледі

© Sputnik / Абзал КалиевКарагандинский фармацевтический комплекс
Карагандинский фармацевтический комплекс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тіркеуден кейін вакцина өнеркәсіптік көлемде шығарылады, деді Қарағанды ​​фармацевтикалық кешенінің директоры

ҚАРАҒАНДА, 22 желтоқсан – Sputnik. "Қарағанды ​​фармацевтикалық кешені" ЖШС алаңында ресейлік "Спутник V" вакцинасы өндірісін жергіліктендіру кестесі белгілі болды.

Қазақстанда "Спутник V" вакцинасы 2021 жылдың 26 ​​қаңтары мен 11 ақпаны аралығында тіркеледі деп болжанып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Вакцинаның өнеркәсіптік сериялары 2021 жылдың 12 ақпанында жеткізіле бастайды.  

Бұл ақпарат фармацевтикалық кешен орналасқан жерде, екінші орама учаскесінде жарияланды.

© Sputnik / Абзал Калиев"Спутник V" вакцинасы 2021 жылдың 26 қаңтары мен 11 ақпаны аралығында тіркеледі
Ресейлік Спутник V вакцинасы Қазақстанда қашан тіркеледі - Sputnik Қазақстан
"Спутник V" вакцинасы 2021 жылдың 26 қаңтары мен 11 ақпаны аралығында тіркеледі

"Бұл орындалуы тиіс өз алдына бір Жол картасы деуге болады", - деп түсіндірді Қарағанды ​​фармацевтикалық кешенінің бас директоры Сергей Барон Sputnik Қазақстанға.

Ресейлік "Спутник V" вакцинасы Қазақстанда қанша тұрады? 

Технологиялар трансфері процесі желтоқсанның басында басталды, деп толықтырды ол.

"Мұнда Ресейден мамандар келді, олар алаңға аудит жүргізіп, өз ұсынымдарын берді. Біз жылдам дайындыққа кірістік, яғни оқытуды жолға қойып, жабдықты баптадық. Енді біз сериялық өндіріске бірқатар жабдық сатып аламыз. Кеше вакциналардың тәжірибелік сериясын шығардық, бүгін оларды Ресейге сапасын бақылауға жібереміз. Гамалея институтында бір айдың ішінде – бұл сондай ұзақ процесс – вакцинаның сапасына бақылау жүргізіледі. Біз өндіріс орны, келісімшарт бойынша өндіруші ретінде жұмыс істейміз.  Яғни, бізге препаратты әзірлейтін қызметке тапсырыс береді. Тіркеу куәлігінің иесі ресейлік компания – Ресейдің тікелей инвестициялар қоры болып саналады", - деді Барон.

Жаңалықтар
0