Қоғам

Ресейлік "Спутник V" вакцинасы Қазақстанда қанша тұрады?

© Sputnik / Абзал КалиевКарагандинский фармацевтический комплекс
Карагандинский фармацевтический комплекс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирусқа қарсы вакцинаның құнына өндіріс шығындары, мамандардың жалақысы және логистика ақысы кіреді

ҚАРАҒАНДА, 22 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда шығарылған ресейлік "Спутник V" вакцинасының құны Ресейдегіден қымбаттау болуы мүмкін.

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков хабарлады.

Ресейде вакцинаның шекті құны – 1 942 рубль (26 доллар) немесе шамамен 11 мың теңге.  

"Вакцинаның құны өндіріске байланысты болады. Қарағанды ​​фармацевтикалық кешені оны өндіргеннен кейін логистикаға, өндіріске, мамандарға кететін шығындар белгілі болады. Егер логикаға салып, логистиканы ескеретін болсақ, ол (Қазақстанда) қымбатырақ болады. Оның үстіне вакцинаны белгілі бір температурада тасымалдау керек", - деді Асылбеков Sputnik Қазақстан тілшісіне.

© Sputnik / Абзал КалиевҚарағанды фармацевтикалық кешені
Ресейлік Спутник V вакцинасы Қазақстанда қанша тұрады? - Sputnik Қазақстан
Қарағанды фармацевтикалық кешені

Бұған дейін Қазақстан премьер-Министрі Асқар Мамин Қарағанды ​​фармацевтикалық кешенінде болып, "Спутник V" вакцинасы өндірісін іске қосты.

© Sputnik / Абзал КалиевҚарағандыда екі миллион доза вакцина шығарылады
Ресейлік Спутник V вакцинасы Қазақстанда қанша тұрады? - Sputnik Қазақстан
Қарағандыда екі миллион доза вакцина шығарылады

Кешен базасында екі миллион доза вакцина кезең-кезеңімен шығарылады.

Қазақстанда өндірілген "Спутник V" вакцинасын жаппай егу 2021 жылдың ақпанында басталады.  

Оқи отырыңыз: COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинация 2021 жылдың ақпан айында басталады

Бірінші кезекте медициналық қызметкерлерге, педагогтарға, студенттерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, медициналық-әлеуметтік мекемелер контингентіне, сондай-ақ созылмалы ауруларға шалдыққан тәуекел топтарының өкілдеріне ерікті түрде вакцинация жасалады.

Жаңалықтар
0