Қоғам

"Қоян-қолтық ұрысты қайта енгіздік": министр қарулы күштердің дайындығы туралы айтты

© Photo : пресс-служба Минобороны КазахстанаҚазақстан әскері
Қазақстан әскері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қорғаныс министрлігі пандемияға қарсы күрес іс-шараларына белсенді қатыса отырып, өткен оқу жылында 60 мыңнан астам маман даярлады

НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан – Sputnik. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев президент жолдауы аясында берілген тапсырмаларды орындау бойынша есеп берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жолдауда жаңа үлгідегі білім сапасын және кәсіби біліктілікті қалыптастыруға мән берілгенін еске салған министр, кәсіби мамансыз озық техника да іске жарамсыз болатынын атап өтті. Ал әскери қызметші кез келген жағдайда дұшпанға тойтарыс бере білуі тиіс.

"Сондықтан да, жеке дағыларды жетілдіру үшін жауынгерлік даярлық бағдарламасына алғаш рет тактикалық оқ ату енгізіліп, армиялық қоян-қолтық ұрысы бойынша сабақтар қайта жанданды", - деді Ермекбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, қарулы қақтығыс кезінде қойылған міндетті тиімді орындауға қабілетті батальондық, роталық және тактикалық топтар анағұрлым тиімді болып табылады.

"Осы мақсатқа оларды даярлауға негізгі күш-жігер жұмсалып жатыр. Пандемияға қарсы күрес іс-шараларына белсенді қатысқанымызға қарамастан, қарулы күштерде өткен оқу жылында 60 мыңнан астам маман даярланды. 200-ден астам әртүрлі оқу-жаттығу, жауынгерлік машинарды жүргізу бойынша 16 мың сабақ өткізілді. 20 мың жауынгерлік оқ ату ұйымдастырылды. Сабақтар күндіз де, түнде де өтті", - деп атап көрсетті Ермекбаев.

Келер жылы қандай өзгерістер болады

Ал жауынгерлік дайындыққа тек аса қажетті компоненттер ғана енгізіліп отыр. Бүгінде арнайы операциялар күштерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Оларды үйлестіру бойынша басқарушы модель де бар.

"Келесі жылы арнайы операциялар күштері операциялық модельге ауыстырылады. Онда жауынгерлік бөлімдер мен даярлау орталықтары болады. Арнайы операциялар күштері кезең-кезеңмен және жоспарлы түрде дамуда. Жыл сайын оларды тексеру жүргізіліп тұрады", - дейді Ермекбаев.

Оқи отырыңыз: Түркі елдерінің "Тұран армиясы" құрыла ма – қорғаныс министрлігі жауап берді

Бұдан бөлек, қазақстандық жер серіктері арқылы жер бетін зондтау ұйымдастырылады. Осылайша, қазіргі заманғы геоақпараттық технологияларды пайдалана отырып, жергілікті жерді зерделеу және электронды топографиялық карталарды әзірлеу шаралары жүргізіледі.

Жаңалықтар
0