Өңірлер

Бес адамның өмірін қиған Павлодардағы жол апаты туралы жаңа деректер шықты

© Sputnik / Абзал КалиевСкорая помощь и автомобили на дороге
Скорая помощь и автомобили на дороге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол апаты салдарынан бес адам көз жұмды, оның ішінде бес жасар бала бар. Бір адам ауруханаға жатқызылды

ПАВЛОДАР, 21 желтоқсан – Sputnik. Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева Павлодар-Қызылорда тасжолында болған жаппай жол апатынан қаза тапқандар туралы хабарлады.

"Шамамен 35, 40 және 45 жастағы үш ер адамның, 40 жастағы әйелдің және бес жасар ер баланың биологиялық өлімі тіркелді", - деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Жаппай жол апаты салдарынан жарақат алған әйел ауруханаға жатқызылды.  

"Науқас 1986 жылы туған. Оған жабық бас сүйек-ми жарақаты, мидың шайқалуы, маңдай аймағының соғылған жарасы, кеуденің соғылуы диагнозы қойылды. Сонымен қатар науқастың жамбасы сынған. Зардап шегуші Екібастұз қалалық ауруханасының травматология бөлімінде жатыр", - деді Темірғалиева.

Ақмола облысында әкім жол апатынан көз жұмды

Бұған дейін хабарланғандай, 20 желтоқсан күні шамамен сағат 13:00-де республикалық маңызы бар Павлодар-Қызылорда автожолының 201-ші шақырымында жолдың нашар көрінуі салдарынан үш көлік соқтығысты: Subaru Outback, Lada Granta және Тоyоtа Cаmry.  

Жол апаты салдарынан Lada Granta көлігінде болған бес адам –  жүргізуші және төрт жолаушы оқиға орнында көз жұмды.   

Жаңалықтар
0