Оқиға

Нұр-Сұлтанда қымбат көлік жүргізушісі 19 жастағы қызды қағып өлтірді

© Sputnik / Владислав ВодневЖаяу жүргіншілер, иллюстративті сурет
Жаяу жүргіншілер, иллюстративті сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүргізуші жол-көлік оқиғасы кезінде сау болған, қазір ол қамауда. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 53 жастағы жүргізуші жолдан өтіп бара жатқан қызды қағып кетті. Елорданың 19 жастағы тұрғыны оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай 19 желтоқсан күні кешкі алтылар шамасында болды.

53 жастағы жүргізуші Toyota Land Cruiser 200 көлігімен Иманов көшесі жағынан Әуезов көшесінің бойымен келе жатқан. Бұрылыста ол бағдаршамның жасыл шамына өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

19 жастағы қыз алған жарақатынан оқиға орнында жан тапсырды.

Тағы оқыңыз: Жұмыстан келе жатқан: Қостанай облысында полицей әйелді көлік қағып өлтірді

"Жүргізуші сау болған, қазір қамауда отыр. Бұл фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Астаналық полицейлер жүргізушілерді көктайғақ кезінде жолда мұқият болуға, жылдамдықты асырмай, ара қашықтықты сақтауға шақырды.

Жаңалықтар
0