Өңірлер

Жұмыстан келе жатқан: Қостанай облысында полицей әйелді көлік қағып өлтірді

© Sputnik / Ксения ВоронинаПолицейский
Полицейский - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тергеушінің жұмыстан үйіне келе жатқаны белгілі болды. 33 жастағы әйел полицияда алты жыл қызмет еткен

НҰР-СҰЛТАН, 7 қараша — Sputnik. Қостанай облысында көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолында полиция капитанын қағып кетті. Әйел апат салдарынан ауруханада көз жұмды.

Жол апаты алтыншы қарашада Қарасу ауылында болған. Lada Granta көлігінің 33 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолында полицейді қағып кетеді. Полиция капитаны Светлана Исаева алған жарақаттан ауруханада көз жұмды.

Қазргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

Белгілі болғандай, тергеуші жұмыстан үйіне қайтып келе жатқан.

Өңірлік полиция департаментінің жетекшісі Бекет Аймағамбетов басшылық және жеке құрам атынан марқұмның отбасына көңіл айтты.

"Ол болашағы зор тергеуші еді. Өзімнің және Қостанай облысы полиция департаментінің жеке құрамы атынан марқұмның ата-анасы Николай мен Надежда Исаевтарға, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды ол Facebook-те.

Тергеуші полицияда алты жыл еңбек еткен. Әйел бар болғаны 33 жаста еді.

Жаңалықтар
0