НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. Сауль "Канело" Альварес үш титул үшін өткен жекпе-жекте британиялық боксшы Каллум Смитті жеңді.
Канело мен Смит арасындағы кездесу Техас штатының Сан-Антонио қаласындағы Alamodome стадионында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегі болды.
Үш титул бәске тігілді: Смиттің WBA және орта салмақтағы The Ring белбеулері, сондай-ақ осы салмақта бос тұрған WBC белбеуі.
Жекпе-жек 12 раундқа созылды. Нәтижесінде Альварес төрешілер шешімімен жеңіске жетті – 119-109, 119-109, 117-111.
"Канело" Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуге келісті
Бұған дейін Геннадий Головкин Канело/Смит жұбының жеңімпазына қарсы жекпе-жекке шығуға дайын екенін мәлімдеген болатын.
"Келесі қарсылас кім дейсіз бе? Мен ең үздіктермен, чемпиондармен, соның ішінде "Канело" мен Смит жекпе-жегінің жеңімпазымен айқасуға дайынмын. Келесі жолы үздік жекпе-жек өткіземіз деп уәде беремін", - деді Головкин.