Спорт

"Канело" Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуге келісті

© AP Photo / Isaac BrekkenГоловкин - Альварес жекпе-жегі, архивтегі сурет
Головкин - Альварес жекпе-жегі, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сауль "Канело" Альварес Головкинге қарсы жекпе-жекті қабылдау мүмкіндігі туып жатса, бас тартпайтынын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес Геннадий Головкинмен рингте үшінші рет кездесуге келісті.

Бұл туралы ол британиялық Каллум Смитті жеңгеннен кейін берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

"Болашақта Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуім мүмкін бе? Мен тек үздіктермен жұдырықтасқым келеді. Егер бұл жекпе-жекті қабылдау мүмкіндігі туып жатса, мен бас тартпаймын. Мен үздіктермен төбелескім келетінін көрсеттім", - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Бүгін таңертең Сауль Альварес (54-1-2, 36 КО) суперорта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін Ұлыбритания боксшысы Каллум Смитпен (27-1, 19 КО) жекпе-жек өткізді.

"Канело" – Смит жекпе-жегі он екі раундқа созылды. Төрешілер жеңісті бірауыздан Альвареске берді – 119-109, 119-109 және 117-111.

"Ұзақ үзіліс болғанына қарамастан, біз бұл жекпе-жекке дайындалу кезінде үлкен жұмыс атқардық. Мен рингке оралғаныма бақыттымын. Иә, қарсылас мықты, бірақ мен бірінші раундта-ақ өзімнің кім екенімді көрсеттім. Әлемдегі үздік боксшы екенімді дәлелдедім", - деді жеңістен кейін мексикалық боксшы.

Еске салсақ, күні кеше ғана IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин поляк Камил Шереметамен қолғап түйістірді. Жерлес спортшы титулдық жекпе-жекте қарсыласын тізе бүктірді.

Жекпе-жек барысында поляк боксшысы төрт рет нокдаунға түсті. Командасы жеті раундтан кейін жеңілісті мойындап, жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Айта кетсек, қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы бірінші кездесу тең аяқталды. Ал екінші жекпе-жекте төрешілердің шешімімен "Канело" жеңіске жеткен болатын.

Жаңалықтар
0