Спорт

Кім нокаутқа түседі – Головкиннің жекпе-жегіне болжам жасалды

© AFP 2024 / Steven RyanГоловкин против Деревянченко во время их поединка за титул IBF на Madison Square Garden
Головкин против Деревянченко во время их поединка за титул IBF на Madison Square Garden  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Британиялық БАҚ қазақстандық Головкин поляк Шереметаны төртінші раундқа қарай нокаутқа жібереді деп болжады

НҰР-СҰЛТАН, 17 желтоқсан – Sputnik. Proboxing-Fans.com журналисі Пол Мейсон қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) поляк Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жекпе-жегіне болжам жасады, деп хабарлады Sports.kz.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Геннадий Головкин жағажайдағы жаттығуын көрсетті – видео 
"Головкин өзінің жұлдызды карьерасының соңғы кезеңінде тұрса да, алдағы уақытта ірі жекпе-жектер өткізуге ниет білдіріп отыр және ол бұл жоспарларды Шереметаның бұзуына жол бермеуі керек. Головкинді әбігерге түсіруге немесе оның әдеттегідей қарқынмен жұдырықтасуына жол бермеуге поляктың күші жетпейді, сондықтан мен мұнда GGG-дің нокаутынан басқа ештеңе көріп тұрған жоқпын. Жекпе-жек төртінші раундқа қарай аяқталуы мүмкін, ал кездесудің ортасына қарай бітетіні анық", - деп жазды автор.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Камил Шереметаның айқасы 19 желтоқсанда өтеді. Жекпе-жекті Qazsport және Qazaqstan телеарналарынан көруге болады. Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 07:00-де басталады. 

Жаңалықтар
0