Спорт

Геннадий Головкин жағажайдағы жаттығуын көрсетті – видео 

© AFP 2024 / Frederic J. BrownГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
GGG спорт залынан бөлек жағажайда жиі жаттығу жасайды. Головкин 18 желтоқсанда өтетін жекпе-жеке дайындалып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан – Sputnik. IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жағажайдағы жаттығуын көрсетті. 18 желтоқсанда жерлесіміз поляк Камил Шереметамен жұдырықтасады.

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы Twitter парақшасында GGG-дің жағажайда қандай жаттығу жасайтынын көрсетті. АҚШ-та жүрген боксшымыз жылдамдық пен төзімділікті шыңдауға арналған жаттығулар кешенін жасап шықты. Атап айтқанда, құммен жүгіру, екі аяқты байлап қойып соққы жасау, қарсыластың соққысын тигізбеу және тағы басқа техникалар бар.

​"GGG 18 желтоқсанға дайындалып жатыр. Ол Флоридада рекордтық түн жасауды көздейді", - делінген бейнебаянның жазбасында.

Головкин мен Шереметаның жекпе-жегі 

18 желтоқсанда Холливуд қаласында (АҚШ, Флорида штаты) Головкин — Шеремета жекпе-жегі өтеді. Бұл туралы DAZN стримингтік сервисі жариялаған болатын. Головкин де өзінің Instagram парақшасында алдағы жекпе-жектің анонсын жасады. GGG орта салмақты IBF мен IBO тұжырымы бойынша чемпиондық белбеулерін рекордық 21-ші рет қорғап көреді. 

Бастапқыда Головкин-Шеремет жекпе-жегі 2020 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған болатын. Алайда алдымен Геннадийдің жарақатына, кейіннен COVID-19 пандемиясына байланысты кездесу бірнеше рет кейінге шегерілді.

​Канелодан ұтылғаннан кейін Головкин бапкерін ауыстырған болатын. Қазір оны Джонатан Бэнкс жаттықтырып жүр. Былтыр GGG Сергея Деревянченконы жеңіп, IBF белбеуін иеленген болатын.

Жаңалықтар
0