Әлем

Якутияда "ақылды ауыл" пайда болады

© AP Photo / Michael ProbstМужчина с телефоном в руках
Мужчина с телефоном в руках - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Ақылды ауыл" жобасы 2021 жылдың бірінші тоқсанынан іске қосылады деп жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан – Sputnik. Саха Республикасының тұрғындары үшін "Ақылды ауыл" атты бірыңғай веб-сервис әзірленеді. Жаңалықтар, блогтар, экологиялық мониторинг жүйелері, өртке қарсы жүйелер, бейнебақылау, сондай-ақ, жолдарды жабу және жөндеу туралы ақпарат әрбір ауылдың және Якутиядағы Намск ауданының бір жағдаяттық орталығында жинақталады.

Республиканың инновациялар, цифрлық даму және ақпараттық коммуникациялық технологиялар министрлігінде "Ақылды ауыл" мүмкіндіктері жайлы, айтылды деп хабарлайды РИА Новости.  

Ребенок с планшетом, дистанционное обучение - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматы облысында ауыл балалары далада оқуға мәжбүр – видео
"Ақылды ауыл" жобасы – жергілікті бөлімдер бюджеті мен халықты ескере отырып, шағын елді мекендерге бейімделген "Ақылды қаланың" баламасы болып табылады. Оны аудандық ИТ-орталығы үйлестіретін болады. Бұл жұйені құру азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды ықпалдастыру арқылы әкімшілік қауымдастықтармен және инфрақұрылыммен тікелей өзара әрекеттесе алады. Сонымен қатар, елді мекенде болып жатқан жағдайлардан хабардар болып, оның қалай дамып жатқанын және қандай әдістер азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға болатынғын бақылай алады.

"Аудандық ИТ-орталықтар ИТ-технологиялар республиканың ауылдары мен қалаларының дамуына қызмет етуі үшін құрылып жатыр. "Ақылды ауыл" жобасы Намск ауданының муниципалдық билігінің де, цифрлық басқару платформасын әзірлеушілердің де қолдауына ие болды.Бұл жоба Якутияның ауылдық елді мекендерін цифрландырудың пилоттық жобасына айналуы мүмкін", - деді Якутияның инновациялар, цифрлық даму және ақпараттық коммуникациялық технологиялар министрі Анатолий Семенов.

Сондай-ақ, "Ақылды ауыл" муниципалдық мекемелердің әкімшіліктері үшін демеу болады. Министрліктегілер деректерді жинауға, бақылауға, талдауға және нәтижелерді өңдеуге бағытталған ақпараттық ішкі жүйелер жиынтығы елді мекенді тиімді басқаруға мүмкіндік беретінін айтты.

Станция скорой помощи в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Елорда тынысы
Елордада "ақылды" шлагбаумдар пайда болады
Мысалы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар, өрт дабылы, өрт пен су тасқынының мониторингі, бейнебақылау және экологиялық мониторинг жайлы ескерту жүйелері қауіпсіздік мәселелерінде оң өзгерістер енгізеді. Инженерлік коммуникациялар, ұялы байланыс станциялары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, электрмен жабдықтау желілерімен байланысты ақпарат елді мекендердегі инфрақұрылым мәселелерін сапалы шешуге көмектеседі. Мәдениет мекемелеріне, медицина мен туризмге арналған бөлім ауылдық жерлердің әлеуметтік-мәдени қызметін жаңа деңгейге көтере алады.

Бұл шешімдерді іске асырудың негізгі технологиясы Якутск ИТ паркінің резидент-компаниясы әзірлеген платформада орындалады. Ол ауқымды мәселелерді шешуге арналған бағдарламалық кешен болып табылады.

Әзірлеушілер жобаның болашағы үлкен екенін айтуда. Жүйені тек Ресейде ғана емес, шет мемлекеттерде де тарату мақсатында мамандар оны бастапқыда әзірлеу кезінде халықаралық әдістер мен стандарттарды қолданды. Жоба авторларының айтуынша, шетелдегі шағын елді мекендер де автоматтандыру мәселесінде қымбат жүйелерге жүгіне алмайды.

"Ақылды ауыл" жобасы 2021 жылдың бірінші тоқсанынан іске қосылады деп жоспарлануда. Жобаны қаржыландыру жоба әзірлеушілерінің инвестициялары, сондай-ақ, таңдалған модульдерге сәйкес ай сайынғы абоненттік төлемдер есебінен жүзеге асырылады.

Жаңалықтар
0