АЛМАТЫ, 14 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй кешенінде "smart" шлагбаумдарды енгізу жобасы мен автокөліктердің мемлекеттік нөмірлерін анықтау жүйесі іске қосылды. Бұл технология шұғыл қызмет көліктеріне үйлердің ауласына кедергісіз кіруіне мүмкіндік береді.
"Арнайы мәліметтер базасына енгізілген көліктер "smart" технологияның көмегімен шлагбаумнан өтіп, аулаға кіре алады. Сонымен қатар тізімді қажет болған жағдайда толықтыруға болады. Одан бөлек, барлық кіріп-шыққан автокөліктер тізімі журналға тіркеледі", - деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қала басшысының айтуынша, жыл соңына дейін тұрғын үйлердің 30%-не дейін "smart" шлагбаумдармен жабдықтау жоспарланып отыр.
Сонымен қатар "Қауіпсіз аула" бағдарламасы бойынша ауланың аумағында камералар орнатылады. Бұл қаладағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға септігін тигізеді: ұрлық жасау, бөтеннің мүлкіне зиян келтіру және басқа құқық бұзушылықтар саны азаяды.