Бүгін бірнеше сағатқа күн тұтылады

© REUTERS / Baz RatnerВорона во время частичного солнечного затмения в Кении
Ворона во время частичного солнечного затмения в Кении  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі жарым сағатқа созылатын күннің тұтылуы тәуліктің түнгі мезгіліне сай келгендіктен, қазақстандықтар оны бақылай алмайды

НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан – Sputnik. Күннің тұтылуы дүйсенбі, 14 желтоқсанда болады. Оны бірнеше елдің тұрғындары сол сәтте-ақ көре алады.

Күннің тұтылуы UTC уақыт белдеуі бойынша 16:13-те немесе Мәскеу уақытымен 17:25-те басталып, тұтылудың максималды фазасы шамамен Мәскеу уақытымен 19:00-де күтіледі. Бүгінгі күн тұтылуының ұзақтығы 2 минут 10 секундты құрайды.

Астрономиялық бұл құбылыс Тынық мұхитының оңтүстік-шығысында жақсы байқалады. Соның ішінде Атлант мұхитының оңтүстігі мен Аргентина және Чили тұрғындары айқын көре алады.

Сондай-ақ, тұтылудың ішінара фазалары Оңтүстік Америкада, Полинезияда, Антарктида мен Африкада да көрінеді. ТМД аумағында күннің тұтылуы әлсіз байқалады.

Оқи отырыңыз: Күннің тұтылуын қазақстандықтар қалай тамашалады - фото

Тәуліктің түнгі мезгіліне сай келгендіктен, күннің тұтылуын қазақстандықтар бақылай алмайды.

Айта кетейік, мұның алдындағы күннің тұтылуы 22 маусымда тіркелді және ол Қазақстан аумағында анық көрінген.

Жаңалықтар
0