Қоғам

Күннің тұтылуын қазақстандықтар қалай тамашалады - фото

© REUTERS / Borja SuarezКүннің тұтылуы
Күннің тұтылуы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астаналық әуесқой астроном күннен қорғайтын фильтрі бар телескоппен қамданыпты, ал Петропавлда ауа райы бұзылды

АСТАНА, 11 тамыз — Sputnik. Қазақстандықтар биылғы жылғы күннің соңғы рет жартылай тұтылуын тамашалады.

Күннің тұтылуы жартылай ғана болғандықтан, Күн дискісінің бір бөлігі ғана жабылды. Сол сәтті семейліктер суретке түсіріп алуға тырысыпты.

Астана қаласында әуесқой астроном күннен қорғайтын фильтр және телескоппен қамданса керек. Ол Күнді көлегейлеген Айдың кедір-бұдыр бетін анық көрген екен, сонымен бірге "бұлттар ағынын" да суретке түсірген.

Астрономиялық құбылысты Талдықорғанда да бақылаған.

Публикация от @ainy_______ 11 Авг 2018 в 4:01 PDT

Ал Петропавл тұрғындарының бар жоспарын ауа райы бұзып жіберді. Аспанды торлаған бұлттар күннің тұтылуын көрсетпепті.

Қазақстандықтар құбылысты онлайн бақылауға мүмкіндік алған.

Күннің тұтылуын әр елдерде қалай тамашалады

Ресейде кейбіреулер күннің тұтылуын компьютерлік дискімен көрген екен.

Күннің тұтылуын қарапайым көзілдіріктермен тамашалауға болмайтындықтан, кейбіреулер дәнекерлеуші маскасын қолданған.

Финляндия жұрты мынадай көріністі көрді.

Ал мына сурет Швецияда түсірілген.

 

 

Жаңалықтар
0