НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан – Sputnik. Батырбек Байбосынов Елбасы қауіпсіздігі қызметінің бастығы болды, деп хабарлады Elbasy.kz.
"Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасының шешімімен Батырбек Бердібайұлы Байбосынов Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Тұңғыш президент – Елбасы қауіпсіздігі қызметінің бастығы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Ардақ Әшімбекұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Елбасы қауіпсіздігі қызметінің бастығы лауазымынан босатылған болатын. Оның міндеттерін уақытша атқару Батырбек Байбосыновқа жүктелді.