НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз — Sputnik. Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы міндеттерін уақытша атқару Батырбек Байбосыновқа жүктелді, деп хабарлайды Elbasy.kz.
Бұған дейін Байбосынов Елбасының қауіпсіздігі қызметінің басқарма бастығы болған.
Ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған Ардақ Әшімбекұлының орнына уақытша келді.
Әшімбекұлы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы қызметіне тағайындалды.
Еске сала кетсек, бүгін мемлекет басшысының бірқатар жарлығы жарияланды. Қорғаныс министрінің орынбасары Мүслім Алтынбаев та қызметінен босатылды.