Қоғам

COVID-19: астанада вирус жұқтырғандар саны артып келеді

© Photo : Пресс-служба акимата Алматы Новый модульный инфекционный стационар в Алматы рассчитан на 300 коек
Новый модульный инфекционный стационар в Алматы рассчитан на 300 коек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осымен екінші күн қатарынан вирус жұқтырғандар саны бойынша астана бірінші орында тұр. Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында да бір тәулікте жүзге жуық адам індетке шалдықты

НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 777 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.

Осымен екінші күн қатарынан вирус жұқтырғандар саны бойынша астана бірінші орында тұр.

Кеше, 9 желтоқсан күні қала басшысы Алтай Көлгінов алдағы мерекелерді үйде туған-туыстың ортасында атап өтуге кеңес берді. Себебі науқастардың саны көбейген жағдайда қосымша шектеу шаралары енгізіледі. 

Сондай-ақ, ол Жаңа жылдың алдында адамдардың бір жерде жиналуына жол бермеу үшін ірі сауда орталықтары мен гипермаркеттерді тәулік бойы жұмыс істеу режиміне ауыстыру жоспарланып отырғанын айтты. Бұл мәселе Алматыда да талқыланып жатыр

 

Аймақтарда бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 121
  • Алматы қаласы - 74
  • Шымкент қаласы - 4
  • Ақмола облысы - 66
  • Ақтөбе облысы - 5
  • Алматы облысы - 38
  • Атырау облысы - 28
  • Шығыс Қазақстан облысы - 99
  • Жамбыл облысы - 24
  • Батыс Қазақстан облысы - 29
  • Қарағанды облысы - 30
  • Қостанай облысы - 73
  • Қызылорда облысы - 2
  • Маңғыстау облысы - 9
  • Павлодар облысы - 98
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 72
  • Түркістан облысы - 5

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 139 159. 

 

Жаңалықтар
0