Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда гипермаркеттер тәулік бойы жұмыс істеуі мүмкін – әкім себебін айтты

© Sputnik / Абзал КалиевПокупатели в торговом комплексе Magnum Cash & Carry
Покупатели в торговом комплексе Magnum Cash & Carry - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала басшысы алдағы мерекелерді үйде туған-туыстың ортасында атап өтуге кеңес берді. Себебі науқастардың саны көбейген жағдайда қосымша шектеу шаралары енгізіледі  

НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Жаңа жылдың алдында адамдардың бір жерде жиналуына жол бермеу үшін ірі сауда орталықтары мен гипермаркеттерді тәулік бойы жұмыс істеу режиміне ауыстыру жоспарланып отыр. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте қала әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мереке күндері, әсіресе, Жаңа жылдың алдында сауда орталықтарына баратын адамдардың саны көбейеді. Қазір жұмыс уақыты шектеулі, осы "дәлізді" кеңейту үшін ірі сауда орталықтары мен гипермаркеттерді тәулік бойы жұмыс істеу режиміне ауыстыруды пысықтап жатырмыз", - деді Алтай Көлгінов.

Әкімнің айтуынша, ірі сауда орталықтары тәулік бойы жұмыс істесе, адамдар асықпайды және бір жерде көп шоғырланбайды.  

"Осы мәселені санитарлық дәрігерлер мен сауда орталықтарымен талқылап жатырмыз. Жақын арада нәтижесін айтамыз. Осының арқасында адамдардың бір жерде жиналуына жол бермейміз. Локдаунға түспеу үшін тағы бірқатар шара қабылдаймыз. Себебі локдаунның экономикалық салдары көп", - деп атап өтті Алтай Көлгінов.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда қай өңірлер коронавирустың "қызыл" және "сары" аймағында тұр 

Осы орайда қала басшысы алдағы мерекелерді үйде туған-туыстың ортасында атап өтуге кеңес берді. Себебі науқастардың саны көбейген жағдайда қосымша шектеу шараларын енгізуге тура келеді.

"Әзірге қаланы жабамыз деген жоспар жоқ. Бірақ ПТР-тестің оң нәтижесі бар сынамалар көбейсе, қосымша шектеу шараларын енгізуге тура келеді. Сондықтан барынша сақ болуымыз қажет. Сонда қосымша шектеулер енгізілмейді", - дейді Көлгінов.

Жаңалықтар
0